Демалыс басталды....

міне, 3 ай демалыс та басталып кетті. 1 курстан кейінгі практикамды Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасында өтеп, бірнеше күн  болды ауылға,  Аралға келдім.

Күн ыстық. Алматы мен Ақтөбеде мұндай ыстықты кездестірмеп едім.... Түсте далаға шығуға мүлдем зауқым соқпайды.... Шықпаймын да....

Солай....

Енді бұл жақта болып жатқан жаңалықтармен таныстыра жатармын.

Кездескенше......

14 июня, 16:29
217

Жақындап қалды.....

 

Міне, 1 курсты бітіретін кезде жақындап қалды.... Көңілдегі сезім не қуанарын, не мұңайарын білмей тұрған секілді. Қуанарын дегенім кеше ғана балалық сезіммен университет табалдырығын аттадық, өкінерін дегенім өмірдің қызығы мен шыжығы мол табалдырығында тағы бір сатыға жоғарылағаным.

Ауылға барып дем алып келіп, 2 курсты өте жақсы аяқтау үшін бар күшімді салғалы жатырмын. Іске сәт!!!!

   
20 мая, 21:39
228

Әке....

 

Келсеңші әке, кірсеңші келіп түсіме...
Әкелік көнің толама барлық ісіме?
Өтінем әке, көрінші маған, қызым деп,
Сағыныш толы сырымды менің түсіне...

Әкесіз өмір жазды екен маған несіне,
Деп кейде налып, көндікпей кетем күшіме...
Жылатып та кеп, жұбатып та кеп қинайды
Амалдың жоғы тағдырдың салған ісіне...

Ауылға барсам қыдырып, қалғым келеді,
Арнап бір, әке, басыңа барғым келеді,
Өмірге кейде өкпелеп қалам, сондайда,
Керексің әке, қасыңа барғым келеді.

Сарылта берме, сабылта берме сағыныш!
Жырларым тынба! Тозақтың торын алып ұш!
Періштелерім, сағыныш толы сәлемді,
Жұмақта жатқан әкеме менің алып ұш!

Әкесіне деген сағыныштан туған Замира деген қыздың мына өлеңі маған өте қатты әсер етті. Оқып көріңіз....

8 мая, 23:27
1134

Мерекелеріңізбен!!!

 
9 Мая – великий и священный день в истории Казахстана и не только.
 
Дорогие ветераны, 
 
За ваше мужество и стойкость,
За героизм и самоотверженность, 
за силу духа и волю к победе
низкий поклон вам.
 
 
С Праздником!
С Днем Победы!
8 мая, 14:25
137

с праздником!!!!

 
9 Мая – великий и священный день в истории Казахстана и не только.
 
Дорогие ветераны, 
 
За ваше мужество и стойкость,
За героизм и самоотверженность, 
за силу духа и волю к победе
низкий поклон вам.
 
 
С Праздником!
С Днем Победы!
8 мая, 14:23
155

друзья

 Когда ты на машине, при деньгах,

Друзья тебя качают на руках,

Когда ты покупаешь им вино,

Они с тобой смеются заодно...

Ты делаешь подарки, к ним спешишь,

 Волнуешься и дружбой дорожишь.

Приходишь, помогаешь им в беде.

Ты плачешь...

 А друзья сегодня где?

Когда не на машине, а в долгах...

Когда не над землею, а в ногах,

ты присмотрись, кто рядышком с тобой,

Из десяти останется один,

Кто рядышком без выгодных причин,

Запомни - не бывает ста друзей,

Но есть один, кто этих ста верней!!!

5 мая, 11:18
227

1 балл

 Сонымен кешегі күнді де өткіздім. Емтиханды да өткіздім. 5 алу үшін 1 балл жетпей қалды. Ішім күйді. Қызыл диплом алу мумкіндігінен айырылдым.

5 мая, 10:14
471

қорқып отырмын...

 Қорқып отырмын... Неге дейсіз бе? Айтайын.... Ертен мен үшін маңызды күн. Ертен қазақстан тарихынан емтихан болады. 5 ала алмаймын ба деп қорқып отырмын.... Егер 5 ала алмай қалсам болашақта қызыл диплом иегері болудан айырыламын...

3 мая, 21:31
219

Сіздің таңдауыңызға арналған......

 Сіздің таңдауыңызға арналған ұялы телефондар туралы мәліметтер http://mobiguru.ru/phones/nokia/

26 апреля, 16:07
269

Nokia N8

  Мөлшерлері Мөлшері: 113,5 x 59 x 12,9 мм Салмағы (аккумулятормен): 135 г Көлемі: 86 текше см. Клавиатура және енгізу Түймелер (меню, қоректі қосу/өшіру, клавиатураны өшіру, дауыс қаттылығы, камера) Мәтінді енгізу және интерфейсті саусақпен жанасу арқылы басқару Әріптік-сандық және толық сенсорлық клавиатура Фотокамераны және дыбысты басқаруға арналған арнаулы түймелер (клавишалар) Көлемді қалам-стилусты пайдалану мүмкіндігі Түстер Корпусы анодты алюминийден, мынадай түстері бар: Ақшыл күміс Қою сұр Қызыл сары Көк жасыл түс өңірге тәуелді Дисплей және тұтынушылық интерфейс Экран мөлшері: 3,5 дюйм Айқындығы: 16:9 nHD (640 x 360 пиксель) AMOLED 16,7 млн түсті Сыйымдылықты сенсорлық экран Бағдар датчигі (акселерометр) Компас (магнитометр) Жақындау датчигі Айналадағы жарық датчигі Дербестендіру Икемделетін үшке дейінгі жұмысшы үстелі: Меню Виджеттер Тақырыптар Ярлыктар Белгілер Икемделетін профильдер Музыкалық кодектер: .MP3, WMA, AAC, eAAC, eAAC+, AMR-NB, AMR-WB, E-AC-3, AC-3 Шақыру бейнедабылдары Тақырыптар Жұмыс үстелінің тұсқағаздары скринсейверлер аудиотақырыптар алдын-ала орнатылған рәсімдеу тақырыптары өзгермелі түстік тақырыптар

Аппараттық қамтамасыздық

Қорек
  • Литийлі-ионды батарея BL-4D сыйымдылығы 1200 мАч
  • Сөйлеу режимінде жұмыс істеу уақыты (максимум):
    • 720 мин. GSM желісінде
    • 350 мин. WCDMA желісінде
  • Күту режиміндегі жұмыс уақыты (максимум):
    • 390 сағ. GSM желісінде
    • 400 сағ. WCDMA желісінде
  • Видеоны қосу (H.264 720p, секундына 30 кадр максимум): 6 сағат (HDMI арқылы TV-ге)
  • Видео жазба (H.264 720p, секундына 25 кадр максимум): 3 сағат 20 минут
  • Видеобайланыс (максимум): желіде 160 мин
  • Ішкі жады: 16 Гбайт Музыканы қосу (автономды режимде, максимум): 50 сағ.

Жұмыс уақыты желіге қол жеткізу технологиясына, желі конфигурациясына және пайдалану қарқынына байланысты.

Толық қызықтырады ма?
Онда мына жерден қараныз http://www.nokia.kz/products-kz/phones-kz/n8-kz/specifications-kz
nokia n8
26 апреля, 16:04
272