Өкінбейсіздер деген ойдамын...

 http://gaf.kz/ мына жерге кіріп көріңіздер.

24 апреля, 2:06
139

презентациялар туралы тағы да бірер ауыз сөз

 "NOKIA" компаниясы өздерінің жетістіктері жайлы, дүние жүзінде қалай тарайтындары туралы, шығарып жатқан модельдері туралы толық мағлұмат берді.

Әрбір таныстырған ұялы телефондарының артықшылықтарына жеке-жеке тоқталып өтті.

 

Ал,келесі Ұлан мен Рустем өткізген келесі презентацияда олар айтқандай біз жан-жағымызды қарап, орындығымыздың астынан 1$ алып шықтық. Интернетте бизнесті қалай дамыту туралы айтқан бұл презентация қызық өтті. Бүкіл Қазақстанға дамып жатқан интернет-магазин туралы білмейтін көп қызықтар айтты. Жан-жақтан жіберілген адамдардың қызықты блогтарын, ойларын көрдік. Дегенмен өте керемет бизнес екен.

23 апреля, 20:02
218

Презентациялар туралы бірер ауыз сөз

Мен бірнеше презентацияға кірдім. Ең алдымен 3G "Флешки" мультфильмінің презентациясына. Мен бұл жерде өткен жылғы қойған презентацияларын қайталап және 2 жаңа презентация көрдім. Өткен жылғы презентация машиналардың жарысы туралы болды.

Бұл жылғы көрсеткен бірінші презентация жұмыстан қолы босамайтын адамдарға арналған интернет-магазин туралы. Ешқайда бармай компьютер алдында тұрғаныңызда, сіздің дене-пішініңізді сканерлеп, өзі киім таңдап береді. Сіз өзіңіз қалаған киімді компьютер арқылы таңдап, тапсырыс берсеңіз сізге алып келіп береді. Жұмыстан қолы босамайтын адамдарға өте қажет.

Ал екінші презентация қазіргі заманғы флешкаларды мультфильм түрінде көрсетеді.

Мен кірген келесі презентация "Пиар маманына арналған инттернет" деп талады. Оны АГТ пиар агенттігі көрсетті. Бұл жерде өзіміз сабақта үйренгендерімізді қайталап көрдік. Апайымыз үйреткендерді қайталап, еске салып шықтық.

23 апреля, 19:59
273

BarCamp Central Asia 2011

BarCamp Central Asia 2011-төртінші білім беретін Жаңа медиа мамандарына (журналист, блогшы, программист, IT және медиа мамандары, веб-девелоперлер және интернет пен вебтың дамуымен байланысты барлық мамандарға) арналған [ресми емес] конференция. Бұл конференция 2011 жылдың 15─17сәуірі аралығында Алматы қаласында өтті.

Мен осы конференцияға бірінші рет бардым, 16 сәуір күні. Бұл күні таңертеңнен кешке дейін жүргеніме, шаршағаныма еш өкінбеймін. Себебі, бұл жерден алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті, түсімде де өзімнің  презентация жасап жүргенімді көріп шықтым.

Ең өкініштісі бұл іс-шараның жылына бір рет қана өтетіндігі... Бұл көптеген адамдардың пікірі.

Мен бұл жерде шет елден келген достар таптым. Бір─бірімізбен достығымыз одан әрі жалғасын табады деген үміттемін.

Әрбір презентацияға кірген адамдардың көптігі соншалық, презентация өткен аудиторияларға адамдар лық толып, түрегеліп тұрды. Барлықтары сұрақ қойып, аралысып отырды.

23 апреля, 19:56
289

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары

 

Барлығы

Тіркелгені

Мерзімді басылымдар

Теледидар

Радио

Ақпарат агенттіктері

1200

Саны

Газеттер

1050

Журналдар

170

240

42

21

Олардың ішінде

Газеттер

Журналдар

Теледидар

Радио

Ақп. агент.

Мемлекеттік

552

69

66

7

3

Тәуелсіз

434

89

151

31

 

Жекеменшік

64

12

23

4

18

           
23 апреля, 19:51
331

Александр Ляхов

 

        Біз 2 сәуір күні бұрынғы кездесулерден өзгешелеу кездесу өткіздік. Бұл күні бізге «Қазақстандағы интернет бірлестігінің» вице-президенті Ляхов Александр келіп кездесу өткізді. Дайындап келген презентациясы өте қызық болды. Бұл презентация арқылы білетінімізді толықтырып, білмейтініміз туралы біраз мағлұмат алдық.

Оның айтуынша «Интернеттегі пиар- бұл шекарасы жоқ соғыс». Шынымен де кім-кіммен достасып немесе кім-кімге қарсы келіп жатқанын айқындайтын шекара жоқ;

Журналист пен пиаршының айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Журналистің өзі қалай болсада өзі жазған адамды, өзі жұмыс істейтін орнын әрдайым қоғаммен байланыстырып (пиарить етіп) жүреді;

Адамдар ақпарат алу үшін пайдаланатын сайттар туралы мағлұматтарымызды толықтырдық;

Тағы бір бізге қажет, есте сақтап жүретін үзінді жазба (заметка): Бірге жұмыс істеген қызметкерлермен әрқашан, барлық жағдайда жақсы қарым-қатынаста болу қажет. Бірге жұмыс істегендіктен ол сенің артықшылықтарыңмен қатар, кемшіліктеріңді де жақсы біледі. Келіспей қалған жағдайда, ол сенің кемшілігіңді өзіңе қарсы қолдануы әбден мүмкін.

Шал ағайдың 7 өсиеті бізге өте қажет. Сондықтан үнемі осы өсиеттерді қайталап есте сақтап жүруіміз қажет.

 
20 апреля, 11:28
185

Kcell компаниясы

 

9 сәуір күні біз үшін кездесулеріміздің арасындағы ең ерекшесі өтті. Бұл кездесудің өзгелерден айырмашылығы кездесудің қазақша өткендігі.

Бізде кездесуде болған Kcell компаниясының пиар маманы-Еркін Үдербай. Ол кісі бізге Қазақстанда дамып  жатқан жаңа технологиялар туралы толық мағлұмат берді. Мысалға айтар болсақ, 3G,4G туралы білгенімізді толықтырдық. Біз 3G-дің бізде дамып жатқанына мәз болып жүрміз, ал ол Еуропа елдерінде 10 шақты жылдан бері даму шегіне жеткен. Бұл біздің еліміздің технологиялар бойынша кейін дамып келе жатқан ел екендігінің бір куәсі.

Осы кездесуде тағы бір таң қаларлық естіген жаңалықтарымның бірі әр түрлі ғажайыптарды әлемге таныстурудан аты шыққан елдердің бірі Жапония, Кореяның жаңалықтары. Бұл-толқынды пеш және мұздатқыш.

Бұл пештің ерекшелігі сәз жұмыстан шығып, үйіңізге жетем дегенше өзі тамақты ысытып қояды. Оны басқару мобильді телефонмен байланысты.

Ал мұздатқыштың артықшылығы таусылған тамақты тікелей хабарлап, тапсырыс беріп алдыртады. Бұл деген керемет емес пе? Бірақ та, бұлардың Қазақстанға кашан келерін кім білсін?

Сонымен Еркін Үдербаймен өткізген кездесуіміз сұрақ-жауап арқылы қызықты өтті.

20 апреля, 11:22
216

Ums 9.0 (Әмбебап математика есебін шешуші)

 Бұл туралы барлық мектеп оқушылар және студенттер армандайды . UMS сiздiң қалауыңызша сөйлейді және үндемей алады. Кітаптағы немесе өзің ойлаған есептерді түсіндіріп шешіп береді.
Толық ақпарат: http://www.softzone.kz/software/148-ums-v5013-urrrrrryi-rrsrrrsryoryer-rsrrsr-srssss.html

8 апреля, 23:04
165

BarCamp CentralAsia 2011

 BarCamp CentralAsia 2011-төртінші білім беретін Жаңа Медиа мамандарына арналган ресми емес конференция. Толық ақпаратты мына жерден алсаңыздар болады.

http://www.barcampkz.net/kaz/

8 апреля, 22:35
163

Наурыз мерекесі

Барлықтарыңызды келе жатқан НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН шын жүректен құттықтаймын!!!

20 марта, 20:46
2639